RU
Ташкентте салынып жатқан сауда үйінде апат болып, 4 адам қаза тапты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ташкентте салынып жатқан сауда үйінде апат болып, 4 адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Ташкентте "Riviera" сауда үйі құрылысында металл құрастырылым құлап, төрт жұмысшы қаза тапты. Одан бөлек екеуі жарақат алған. Бұл туралы Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған Орталық Азияның жаңалық қызметі хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Басылымның мәліметінше, қайғылы жағдай 28 тамыз күні түс кезінде орын алған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны белгілі болды.

Ресми деректерге сенсек, үстіне металл құрастырылым құлаған 6 құрылысшының төртеуі қаза тапқан.

Одан бөлек, екі құрылысшы республикалық медициналық жедел жәрдем орталығына жеткізілгені хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel