RU
Тоқаев оқыған №25 мектеп жаңа оқу жылына әлі дайын емес (фото)

Тоқаев оқыған №25 мектеп жаңа оқу жылына әлі дайын емес (фото)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған Алматыдағы Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясы жаңа оқу жылына дайын емес. Ғимаратта жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

№25 мектеп-гимназиясының сайтында бірінші және мектепке дейінгі сыныптарға құжат №128 мектепте қабылданаты жазылған.

Оқу орнындағы жөндеу жұмыстары осы жылдың ақпанында басталыпты. Ғимараттың жанына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр деп жазылған нысанның құжаты ілінген.

Сонымен бірге, мердігерлер ғимаратты сейсмикалық тұрғыдан нығайтуға ниетті.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Жұмысты төртінші тоқсанда аяқтау жоспарланған.

Алайда, фотосуреттерге қарап ғимараттың сыртын қаптау және ішкі өңдеу жұмыстары әлі басталмағанын көруге болады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мектепті 1970 жылы тәмәмдаған. Президент бірнеше рет осы мектеп қабырғасында өткен жылдарын әр түрлі сұхбаттарында айтқан.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel