RU
Президент Назарбаев сыйлығын Аманоның жанұясына тапсыру рәсіміне қатысты

Президент Назарбаев сыйлығын Аманоның жанұясына тапсыру рәсіміне қатысты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты деп хабарлайды Ақорда.

Президент Назарбаев сыйлығын Аманоның жанұясына тапсыру рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған сыйлықты бұл марапатқа қайтыс болғаннан кейін лайық деп танылған МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры Юкия Аманоның жақындарына және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоға тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл іс-шараның Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн мерекесімен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.

Президент Назарбаев сыйлығын Аманоның жанұясына тапсыру рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда

"Биыл Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және МАГАТЭ-ге қосылғанына 25 жыл толды. Сондай-ақ, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың күшіне енгеніне 10 жыл болды", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш президентінің жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретінде әлемдік қоғамдастық тарапынан әділетті түрде мойындалғанын атап өтті.

Президент Назарбаев сыйлығын Аманоның жанұясына тапсыру рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығының тарихи мәні бар.
Кеңестік әскери элита мен кейбір саясаткерлердің қарсылығына қарамастан ядролық полигонды жабу туралы Тұңғыш Президенттің қабылдаған шешімі зор батылдық пен темірдей ерік-жігерді талап етті. Ол бүкіләлемдік антиядролық қозғалысқа катализатор болды", – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Президент Назарбаев сыйлығын Аманоның жанұясына тапсыру рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарған Елбасының бастамаларына тоқталды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің кейбір өңірлерінде ядролық қауіп-қатердің сақталып отырғанына назар аударды.

"БҰҰ мәліметінше, бүгінде әлемде 15 мың ядролық қару сақталуда, оның жүзден астамы санаулы минуттардың ішінде іске қосыла алады.

Халықаралық қатынастардағы қақтығыс әлеуетінің артуына және қаржы-экономикалық қайшылықтардың күшеюіне байланысты ахуал шиеленісіп кетті.

Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі іс-қимылдардың жалпыға бірдей бірлескен жоспарының, сондай-ақ Орта және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарттың тағдыры айқындалмай отыр, – деді президент.
Президент Назарбаев сыйлығын Аманоның жанұясына тапсыру рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel