RU
Қазақстандық полицейлерге 1 қыркүйектен бастап таяқшалары қайтарылмақ

Қазақстандық полицейлерге 1 қыркүйектен бастап таяқшалары қайтарылмақ

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық полицейлер бірінші қыркүйектен бастап, жолдағы қозғалысты қайтадан таяқшалардың көмегімен реттейтін болады. Бұл туралы Қазақстанның ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Бұған дейін ішкі істер министрлігімен полиция қызметкерлеріне таяқшаларды қайтару мәселесі қарастырылған болатын.

Бұл жұмыс аясында қоғамның, жүргізушілік одақтардың, түнгі уақыттағы көлік қозғалысын реттеу үшін таяқшаларды қолдануды орынды санайтын көлік иелерінің пікірлері ескерілді.

Оған қоса, таяқшаларды қайтарудың тағы бір себептері:

-Жол-көлік оқиғалары мен кептеліс кезінде көліктерді бұрып жіберу мен жол қозғалысын уақытша өзгертуді ұйымдастыруды талап ететін жол жөндеу жұмыстары үшін;

- бағдаршамның істен шығуы мен табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу немес жою үшін;

Қоғамның пікірінше, таяқшалардың қайтарылуы жол қозғалысының қатысушыларынареттеуші полицейдің сигналдарын қабылдауға және тәртіп сақшыларының өз қауіпсізідігі үшін қажет деп есептейді.

Оған қоса, ІІМ жол қозғалысы бұзылған жағдайда көліктерді қолмен немесе арнайы дыбысты сигналдардың көмегімен тоқтату тәртібі сақталатынын жеткізді. Яғни, мұндай оқиғаларда таяқшалар қолданылмайды.

Таяқшаларды қайтару шарасы заңдылық өгерістер мен бюджеттік шығындарды қажет етпейді.

Таяқшалар 1 қыркүйектен бастап, тәртіп сақшыларына қайтарылады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз
11
1
0
0
2
4
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel