RU
"Әке болып қалу қиын": Ақтөбелік аудан әкімі заңға өзгеріс енгізуді ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

"Әке болып қалу қиын": Ақтөбелік аудан әкімі заңға өзгеріс енгізуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов әкім алимент төлеудің үлкен проблемаға айналып бара жатқанын көтерді. Айтуынша, қоғамда өз баласын асырауға көмек көрсетуден жалтарған безбүйрек әкелер көбейген. Ал жалғызбасты аналар шенділерден көмек сұрап жүр деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Әке болып қалу қиын»: Ақтөбелік әкім заңға өзгеріс енгізуді ұсынды

Жолдас Қалмағанбетов. Фото: facebook

«Алимент ала алмай отырған аналар мәселесін шешіп беруімді өтініп көп арызданады. Аудан бойынша 298 отбасы тұрақты алимент алуы тиіс болса, олардың ішінде 107 адам төлемнен жалтарып жүр.

Қарыздың көлемі 100 млн теңгеге жуық. Табысын жасыру, жұмыстан бас тарту жағдайлар осы жандарға тән қасиет.

Әке атану оңай, ал әке болып қалу сондай жеңіл болмай тұр», - дейді Жолдас Қалмағанбетов.

Темір ауданының әкімі желідегі жазбасында қоғамдағы келеңсіздікті жою үшін заңды күшейтіп, мәселені шешуді ұсынған.

«Заңды қатаңдату қажет секілді. Миллиондап қарыз арқалағандарды қамап, түрмеден тапқан қаржысын баласына бергізер ме еді?

Кезінде тағдырдың тәлкегіне тастап кеткен баласынан қауқарсыз шағында қайырым сұрап жүрген қарияларды да көріп жүрміз.

Азаматтың жауапкершілігі алдымен отбасынан басталуы керек», - дейді аудан әкімі.
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel