RU
Ләйла Сұлтанқызы "пәктігін сатамын" деп елді шулатқан арудың қазіргі жағдайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ләйла Сұлтанқызы "пәктігін сатамын" деп елді шулатқан арудың қазіргі жағдайын айтты

Рассказать Вконтакте

Ләйла Сұлтанқызы "Өз ойым" бағдарламасында пәктігін сататын айтып, елді дүрліктірген арудың бүгінгі жағдайын баяндады. Тележүргізушінің сөзінше, бойжеткенмен күні бүгінге дейін байланыста екен. Бұл туралы танымал тұлға Instagram желісінде жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сот шешімі шыққанша, бұл менің осы іске қатысты соңғы жазбам болсын. Эмоциядан бөлек, нүктені сот шешімі қояр.
Ал хабарға қатысқан қыздың жағдайын уайымдаған қауымға! Ол өзінің ағаттықпен, жастықтың желімен қателік жасағанын мойындағанын білесіздер. Өзімен де, жақындарымен де осы күнге дейін байланыстамыз. Сабағын жалғастыруда. Жаңа оқу орнында білімін шыңдауға атсалысқан жанашыр барлық азаматтарға алғыс білдіреміз", - деп жазды Ләйла Сұлтанқызы.

Сондай-ақ күні кеше сотқа журналист Бибігүл Дәулетбекқымен әзілкеш Нұрболхан Шараповтың үстінен шағымданған тележүргізуші бүгін қорғаушылардың ресми мәлімдемесін де келтірген.

"Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Олардың ішінде жала жабу және адамды қорлау. Егер бұл адамның "пікірі" болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс". Қорғаушы Аллаберген Әлке. Ақылбек Мақсұтов", - дейді Ләйла Сұлтанқызы. ⠀

Сіздің реакцияңыз
39
3
3
2
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel