RU
Шымкентте билбордта балалар бейнеленген жарнама блогердің ашуына тиді

Шымкентте билбордта балалар бейнеленген жарнама блогердің ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық блогер Аида Джексен Шымкентте билбордтағы балалар бейнеленген жарнамаға қатысты наразылығын білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/aida.jexen

Фото: Facebook/aida.jexen

Билбордтан формасы қарындаш түріндегі шолақ шалбармен тұрған екі баланы байқауға болады.

Аида Джексеннің сөзінше, балақайлар бейнеленген жарнама мәтінің сексуальды астары бар.

Осы орайда блогер коммерциялық мақсаттағы жарнамада балаларды қолдануға заңмен тыйым салынғанын еске салды.

"Визуалды безендіру мораль қағидаларына қайшы, бұл сондай-ақ жарнама туралы заңдағы 7-ші баптың бұзылуы", - деп жазды Аида Джексен.

Сонымен қатар блогер бұндай суреттер педофилдердің назарын өзіне аударуы мүмкін екенін де атап өтті.

"Қазақстанда балалардың жыл сайын зорлыққа ұшырайтын есепке алсақ, бұндай суреттерге тіптен жол беруге болмайды", - дейді Аида.

Сондай-ақ, бойжеткен өз жазбасында балалар обсудмені Аружан Саинды белгіліп кетіп, шулы билбордқа назар салуды сұраған.

Ал желі қолданушылары мұндай жарнаманы көріп, жағасын ұстағанын, жарнама авторы мен қоса балаларының суретін пайдалануға рұқсат берген ата-аналарды сынға алды.

Сіздің реакцияңыз
16
1
4
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel