Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Этнограф елімізде белең алған ажырасуды шешудің жолын ұсынды

Опубликовано:

Нұр-Мүбарак университетінің доценті, этнограф Досымбек Қатранұлы Досымбек Қатранұлы елімізде ажырасудың көбейіп кеткенін атап өтіп, бұл мәселені шешудің жолын ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Қазіргі таңда жастар арасында ажырасу көп. Бұл мәселені шешу үшін қалың мал салтын жандандыру керек шығар. Себебі, үйленетін жастар жауапкершілікті сезіну керек. Қалың мал – материалдық кепілдіктің бір түрі. Сондықтан мұны заң жүзінде енгізу керек. Жастар үйленгенге дейін қосылмай кетіп жатса, оған амал жоқ. Ал құдалық кезінде осы мәселені жақсылап қолға алған жөн", - деп түйіндеді сөзін этнограф.

Досымбек Қатранұлының сөзінше, қалың мал – некенің берік болуы үшін берілетін материалдық кепілдік және оны бөліп төлейді.

"Құдалар қойдың құйрық-бауырын жеген соң, келісім күшіне енген. Осылайша олар қалың мал бес бөлік болса, соның бестен үшін беріп қояды", - дейді ол.

Ал құдаласу келісімін бұзу "бата бұзу" деп аталыпты. Оған кінәлі болған жақ жауапқа тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813734-etnograf-elimizde-bele-algan-azyrasudy-sesudi-zolyn-syndy/

pixel