RU
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне айыпты 7 адамға қатысты іс қайта тергеуге жіберілді

Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне айыпты 7 адамға қатысты іс қайта тергеуге жіберілді

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған соты қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне айыпты 7 адамға қатысты іс қайта тергеуге жіберу туралы шешім шығарды деп хабарлайды Астана арнасы.

Ерлан Нұрғалиев. Кадр КТК арнасы

Ерлан Нұрғалиев. Кадр КТК арнасы

Соттың пайымдауынша, тергеу органдары істі жан-жақты зерттемегендіктен, сотталушыларға қылмыстық іс баптары дұрыс қолданылмаған.

Судьяның пікірінше, тергеушілер қылмыстың қай жерде, қалай жасалғанын дәлелдейтін материалдарды айыптау актісіне енгізбеген.

Оқиға орнында қандай әрекеттер болғанын тек екі тараптың ауызша түсініктемелерінен ғана жинаған. Сондай-ақ, сол айыптау актісінің өзінде бір-біріне кереғар жауаптар көп екен.

Мұны сотталушылардың қорғаушылары соталды тыңдауда айтқан еді.

Жәбірленуші тарап та "заңсыз аңшылықпен айналысты" деп айтыпталған төртеуге- "қылмыс туралы жария етпеу" және "қылмысты жасыру" баптарын қолдануды сұраған.

Еске сала кетейік, биыл қаңтардың 13-і күні Нұра ауданындағы Ақ қошқар тоғанының маңында броканьерлер екі табиғатты қорғау инспекторына оқ жаудырып, қуып жеткен Ерлан Нұрғалиевті мылтықпен таяқтың астына алған.

Келесі күні қорықшы қайтыс болып, оны ұрған үш адам "кісі өлтіру" бабымен айыпталуда.

А. Қуаш

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel