RU
Атамбаевты ұстаған Курсановтың ұлына іздеу жарияланды

Атамбаевты ұстаған Курсановтың ұлына іздеу жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан билігі ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары, экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясына қатысып, Атамбаевты билікке берілуге көндірген Курсан Асановтың ұлына іздеу жариялады деп хабарлайды Азаттық.

Курсан Асанов. Фото: kenesh.kg

Курсан Асанов. Фото: kenesh.kg

29 тамызда Қырғызстан Бас прокуратурасы қайда екені белгісіз 22 жастағы Мухаммед-Али Асановты қамауға соттың сырттай рұқсат бергенін хабарлаған.

Ол бұрынғы президентті ұстау операциясы кезінде әкесіне Атамбаевтың үйінен белгісіз заттарды шығаруға көмектескен деген күдікке ілінген.

Прокуратура "бұл заттар бірнеше қылмыстық айып тағылған Атамбаев ісінде маңызды айғақ болуы мүмкін" екенін айтқан.

Бас прокуратура мәлімдемесіне қарағанда, Асановтың ұлы мен көмекшісі Дамирбек Пайзылдауулу бұл заттарды Атамбаевтың жақтастарына берген.

Айта кетейік, басылымның жазуынша, бас прокуратура мәлімдемесі сот Курсан Асановты 13 қазанға дейін үйқамаққа жіберген соң, екі күннен кейін жарияланған.

Еске сала кетейік, Асановтың өзі қызметінен 13 тамыз күні "милиция мүддесін сатып кетті" деген айыптан соң қуылған.

Бұрынғы вице-министрге 8 тамыз күні Атамбаевпен келіссөз кезінде лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Сіздің реакцияңыз
7
0
4
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel