RU
Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Рассказать Вконтакте

"Қазигдромет" РМК өкілдері қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, арктикалық ауа массаларының белсенді енуіне байланысты айдың басында еліміздің орталық және солтүстік-батыс бөлігінің тұрғындарын бұлтты, жаңбырлы және желді ауа райы күтеді.

Түнде 1...6 градус дейін суытуы, кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал, күндізгі температура 7...15 гардусты құрайды, батыста және орталықта 22 градусқа дейін жылы болады.

Сондай-ақ еліміздің шығыс және оңтүстік бөлігінде қыркүйек айының басы жаңбырлы болады және түнгі уақыттарда ауа температурасы 7...12 градус, күндіз 18...25 градс жылы болмақ.

Алайда қыркүйек айының басым күндерінде ауа райы жылы және әрі ашық болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 25...33 градусқа дейін көтерілмек.

Ұзақ мерзімдік болжамға сәйкес, еліміздің солтүстік бөлігіндегі жауын-шашынмен (жаңбырдан жылбысқы қарға ұласуы мүмкін) және түнгі үсікпен кезекті екі суыту толқыны айдың ортасы мен үшінші онкүндігінде болуы ықтимал.

Қалған күндерде ауа температурасының күндіз 15...25 градус жылы болмақ.

Нәтижесінде Қазақстан территориясының басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 1°С нормадан жоғары, Солтүстік-Қазақстан және Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1°С нормадан төмен болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, еліміздің басым бөлігінде климаттық нормаға жуық, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында және Алматы облысының басым бөлігінде нормадан аз айлық жауын-шашынның мөлшері күтіледі.

Сіздің реакцияңыз
2
2
2
2
4
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel