RU
Шабуыл жасалған белсенді ісі бойынша ұсталған әкім жайлы не білеміз?

Шабуыл жасалған белсенді ісі бойынша ұсталған әкім жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы ауылдық округ әкімі мен оның жүргізушісі оқ атылған Галина Арзамасованың ісі бойынша ұсталған болатын. KAZ.NUR.KZ тұтқындалған әкім жайлы кей деректерді ұсынады.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com

Ұсталған шенеунік жайлы ақпаратты Талғар аудандық әкімдігінің сайтынан табуға болады.

Тұтқындалған азаматтың есімі - Нұрғали Аппазов. Ол 38 жаста.

Ол Х.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Аппазов құрамына 7 ауыл кіретін (жалпы халық саны шамамен 25 мың адам) ауылдық округті басқарған.

Ауылдың әкімшілік орталығы- оңтүстік астанадан 6 шақырым жерде жатқан Панфилов ауылы.

Айта кетейік, әкіммен бірге оның көлік жүргізушісі Ғани Смановта ұсталған.

Қазақпараттың хабарлауынша, күдіктілердің үстінен үстінен бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.

Zakon.kz-тің Талғар аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Панфилов ауылына барған комиссия Аппазовты 28 тамыз күні қызметінен босату туралы шешім шығарған.

Баспсөз қызметі Галина Арзамасова ауылдық клубты жекешелендіру, жасыл аймақтағы жердің халықтың арасында сауалнама жүргізбей-ақ сатылуы, ағаштардың заңсыз кесілуі мен жайлымдардың жетіспеушілігі секілді мәселелерді көтеріп жүрген.

Әкімдік баспасөз қызметі бұл сұрақтардың барлығына белсенді ауданның әкімшілігі тарапынан уақытылы жауап алып отырғанын жеткізді.

26-шы тамыз күні шабуыл жасалмас бұрын Арзамасова аудан әкімімен жеке қолға өткен мектеп жанындағы жер телімі жайлы талқылаған.

27 тамызда Талғар ауданының әкімі Рыскелды Сәтбаев Арзамасова хабарлаған Қарабұлақ ауылындағы жер телімін жеке өзі барып тексереді. Әкімнің сапары барысында жер телімін жекешелендіру фактісі анықталып, тисті шаралар қолға алынған.

Яғни дәл осы жағдай Аппазовтың қызметінен босатылуына себеп болған.

Экс-әкім ауылдық округті төрт жыл басқарған.

Еске сала кетейік, Галина Арзамасованы 26 тамыз күні пневматикалық қарудан Алматы облысындағы әкімдік жанында атып кеткен. Әйел адам белінен жарақат алған.

Келесі күні шабуылға күдікті ретінде 22 жастағы жігіт ұсталды. Тәртіп сақшылары одан болжам бойынша оқ атылған пневматикалық қаруды тәркілеген.

Арзамасоваға қатысты қастандықты ІІМ өз бақылауына алған.

Сіздің реакцияңыз
8
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel