RU
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы ашылады
Жаңалықтар Пресс-релизы

Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы ашылады

Рассказать Вконтакте

31 тамыздан бастап Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің күзгі маусымы бастау алмақ. Әр демалыс күндері "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда өңірлер өндірушілері әкелген өнімдерді сатып алуға болады деп хабарлайды қала әкімшілігінің ресми сайты.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жәрмеңкелердің қазіргі маусымы жаңа форматта – үлкен шатырдың астында өтетін болады. Әрбір өнім түріне жеке бөлімдер бөлінеді. Шатырлар жеміс-көкөніс өнімдеріне, ет пен сүтке тоңазытқыш қондырғысы мен мұздатқыш қондырғысы, сонымен қатар, өңірлерде өндірілетін халық тұтынатын тауарлар үшін орнатылады.

Келушілер қаладағы ірі супермаркеттердегідей азық-түлік арбаларын да қолдана алады.

Өнім бағасы өндірушілердің өзінен тікелей алғандықтан, әдеттегідей нарықтық бағадан төмен болады.

Кестеге сәйкес маусымның соңына дейін елордаға республиканың өңірлері түрлі ассортиментті өнім ұсынып, сол арқылы қаланы қажетті азық-түлік өнімдерімен қанықтырады және өз облысының мәдени дәстүрлерін көрсетеді.

Дәстүр бойынша жәрмеңкелер маусымын еліміздің оңтүстік өңірінің өкілі - Түркістан облысы ашады. Елордаға 250 тоннадан астам өнім әкелетін 60 тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар облыстың көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама дайындады.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы 27 қазанда аяқталады.

Қосымша ақпаратты 556978, 556899 (WhatsApp: +77788458715) арқылы алуға болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel