RU
Тоқаев Жээнбековті Қырғыз Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтады

Тоқаев Жээнбековті Қырғыз Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті Қырғыз Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қырғызстанның өз егемендігі жылдарында ауқымды жаңғыру жолынан өтіп, мемлекет құру ісінде зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында қалыптасқан көпғасырлық достық, көршілестік және өзара сенім сипатындағы іс-қимылдарды Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынына ерекше мән берді. 

"Біздің елдеріміздің арасында орнаған ашық және тұрақты саяси диалог алдағы уақытта да қазақ-қырғыз қатынастарының стратегиялық серіктестік және өзара қолдау рухында жан-жақты нығая беруіне ықпал етеді деп сенемін", - делінген жеделхатта.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel