RU
Алматыда УАЗ көлігі 30 метрлік жардан құлап кетті

Алматыда УАЗ көлігі 30 метрлік жардан құлап кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда УАЗ көлігі отыз метрлік жардан құлап кетті. Соның салдарынан үш адам жарақат алып, біреуі оқиға орнында қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Басылымның мәліметінше, жол көлік апаты өткен түні орын алды.

УАЗ көлігінің жүргізушісінің айтуынша, олар көлікпен таудағы сазды жолмен жүріп келе жатқан.

Кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлапты.

Жүргізуші мен екі жолаушы көліктен шығып, төртінші адамды да алып шыққаны белгілі болды.

Ауыр жарақат алған ер адам жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін қайтыс болған.

Басылым қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинап, сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel