RU
"Сабағын жалғастыруда": Сұлтанқызы "пәктігін сатамын" деген қыздың жағдайымен бөлісті

"Сабағын жалғастыруда": Сұлтанқызы "пәктігін сатамын" деген қыздың жағдайымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Ләйлә Сұлтанқызы қыздығын сатпақ екенін айтып, желіні шулатқан арудың қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Тележүргізуші жасаған ағаттығын мойындаған қыздың туыстарымен үнемі байланыста екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сұлтанқызы "Өз ойым" бағдарламасына келіп, пәктігін саудаламақ екенін айтқан бойжеткен жайлы өз Instagram парақшасында жазған. Ол үлкен дауға себепші болған қыздың қазіргі жағдайымен бөлісті.

"Сот шешімі шыққанша, бұл менің осы іске қатысты соңғы жазбам болсын. Эмоциядан бөлек, нүктені сот шешімі қояр. Ал хабарға қатысқан қыздың жағдайын уайымдаған қауымға! Ол өзінің ағаттықпен, жастықтың желімен қателік жасағанын мойындағанын білесіздер.
Өзімен де, жақындарымен де осы күнге дейін байланыстамыз. Сабағын жалғастыруда. Жаңа оқу орнында білімін шыңдауға атсалысқан жанашыр барлық азаматтарға алғыс білдіреміз" , - деп ағынан жарылды тележүргізуші.

Айта кетейік, отандық бағдарламаның дәл сол арумен болған шығарылымы көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Халық арасынан танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек осы оқиғаға қатысты белсенді түрде пікір білдірген еді.

Ләйлә Сұлтанқызы біраз уақыт бойы үнсіздікте болып, енді екеуін де сотқа бергені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
14
4
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel