RU
Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған қызды қағып өлтірді (фото)

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған қызды қағып өлтірді (фото)

Рассказать Вконтакте

31 тамыз күні кешкі уақытта Алматыдағы Райымбек даңғылының бойында қайғылы жағдай орын алды. Көлік жүргізушісі жолды жүгіріп өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Бойжеткен оқиға орнында жан тапсырған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Басылымның мәлімтеінше, марқұм қыз жолды тыйым салынған тұстан жүгіріп өтпек болған. Оған қоса, оқиға орнына жақын жерде бірден екі жерасты жол бар.

Бойжеткенді қағып түсірген Mercedes жүргізушісі ару алдынан кенеттен шыға қалғанын айтып, уақытылы көлікті тоқтата алмағанын алға тартты.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Анықталғандай, зардап шеккен қыз он метрге дейін ұшып кеткен. Ол алған сансыз жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Басылымның жазуынша, марқұм бойжеткеннің қолында пакеттер болған. Анықталғандай, олардың бірінде азық-түлік болса, енді бірінде арақ бар болып шықты.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Полиция қызметкерлері оқиғаның анық-қанығын анықтап жатыр.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
15
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel