Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түтіндеді": Алматыда лифтіде қамалып қалған әйелдер мен балалар құтқарылды

Опубликовано:

Алматы құтқарушылары лифтінің ішінде қалып қойған екі әйел адам мен үш баланы шығарып алды деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: PxHere
Көрнекі фото: PxHere: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 31 тамызда сағат 20:25-те Алатау ауданындағы тұрғын үйдің бірінде орын алған.

"Сағат 20.34-те жеткен құтқарушылар 9 қабатты үйдегі лифтінің кабина ішіндегі электр сымының қысқа тұйықталуы болғанын анықтады. Өрт тұтанбаған", - деді төтенше жағдайлар департаменті.

Лифт ішінде 5 адам болғаны белгілі болды. Олардың үшеуі 12, 8 және 2 жастағы балалар.

Ведомство құтқарушылардың адамдарды лифт ішінен 2 минутта алып шыққанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813886-ttindedi-almatyda-liftide-kamalyp-kalgan-jelder-men-balalar-ktkaryldy/

pixel