RU
Білім және ғылым вице-министрі өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап берді

Білім және ғылым вице-министрі өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

БҒМ басшысының орынбасары Рүстем Биғари Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекова тарапынан өзіне тағылған айыптауға жауап берді. Мұндай жазба оның Facebook парақшасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рүстем Биғари. Фото: primeminister.kz

Рүстем Биғари. Фото: primeminister.kz

Вице-министрдің сөзінше, БАҚ-та оған және әріптестеріне қатысты жемқорлық пен ресми өкілеттілігін асыра пайдаланған деген ақпарат пайда болған. Ол көпшілікке негізсіз жарияланған мәлімдемелер бір ай ішінде жойылуы керек екенін еске салды.

Рүстем Биғари осы іс бойынша мұқият тексеру аяқталғанын айтты. Тексеріс Қайырбекованың дәлелдерінің негізсіздігін растаған. Министрлік басшысының орынбасары дәлел ретінде қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы құжат жариялады.

"Ал, енді бәрін ретімен. Мен Білім және ғылым министрлігіне 2018 жылдың жетінші маусымында келдім. Сол кездегі менің бірінші кезектегі міндетім Ұлттық білім беру базасының (ҰБББ) жұмыс істеуі және құрал-жабдықтар мен бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша жинақталған мәселелерді шешу болды", - деп бастады вице-министр.

Оның сөзінше, сол кезде жүргізілген талдаудан кейін ҰБББ кемшіліктерін жою шығындары жарияланған 89 млн теңгенің орнына екі есеге азайтылған. Деректер базасын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру қажет болды.

"ҰБББ-да елдегі барлық балалар туралы жеке мәліметтер болғандықтан, мұны жасау өте маңызды болды. Жайылып кету қаупі өте жоғары болды", - деп жазады Биғари.

Ол барлығы дайын болғаннан кейін 2018 жылдың қыркүйегінде материалдар Анар Қайырбекова басқаратын әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөліміне тапсырылғанын атап өтті.

"Алайда, департамент жаңа және тағы жаңа талаптарды ұсынып, рәсімді үнемі созып отырды", - дейді вице-министр.

Рүстем Биғари мұндай қарсылық пен "айқын кідіріске" қарамастан, жұмысты жоспар бойынша іске қосқанын алға тартты. Өткен жылдың желтоқсанында ҰБББ жүйесі ҰҚК құрылымында сынақтан өткен.

"Алайда, бұл қызметкерді қанағаттандырмаған және ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына және Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне кемінде 4 рет (!) шағым жазды", - деді ведомство басшысының орынбасары.

Ол барлық қажетті құжаттар берілгенін нақтылады. Сонымен қатар толық тергеу алты айға созылғанын тәуелсіз сарапшылар тартылғанын айтады.

"Бұл кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған цифрландыру жұмыстары, білім беру жүйесінде ашықтықты енгізу тоқтатылғаны сөзсіз, өкінішті; барлық IT-мамандар тобы, министрлік қызметкерлері негізгі жұмысынан босатылды; материалдар, құжаттар көшірмелері, түсініктемелер және т.б. берілді. Қызметкерлер психологиялық тұрғыдан еңсесі түсіп және рухы төмендеді", - деді вице-министр.

Рүстем Биғари осының бәрінен жұмыс процесі ғана емес, оның беделіне де нұқсан келгенін айта кетті.

"Мүмкін, біреуге автоматтандыру процесі, білім беру жүйесіндегі ашықтық тиімсіз шығар (...) Жүйені жаман атқа қалдырып, дақ жағылып жатқан БҒМ -де жақсы, адал, бар күшін беретін қызметкерлер жетерлік", - деп жазды ол.

Айта кетейік бұған дейін БҒМ мемлекеттік сатып алу және әкімшілік жұмыстар департаментінің басшысы Анар Қайырбекова өзіне қысым көрсетілгендігін айтып, вице-министр Рүстем Биғари мен жауапты хатшы Арын Орсариевтің үстінен шағым түсірген еді.

Артынша, БҒМ қызметкерлері жемқорлыққа қатысты айыптауға пікір білдірген болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel