Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың отбасы Игорь Крутойдың туған күніне ерекше сыйлық жасаған (видео)

Опубликовано:

Игорь Крутойдың 65 жылдығын Түркия елінде бірге тойлаған Димаш Құдайбергеннің отбасы әйгілі ресейлік композиторға қандай сыйлық табыстағаны белгілі болды. Бұл туралы "Привет, Андрей" бағдарламасында айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай Димаш Құдайберген мен оның жанұясы Крутойдың 65 жылдығына оның жұбайымен түскен картинасын сыйға тартқан болып шықты.

Ресейлік бағдарлама жүргізушісі Андрей Малахов отандасымыздың сыйлығын жоғары бағалап, оған өз бағасын берді.

"Игорь мырза, бұл сіздің туған күніңізде алған ең үлкен сыйлығыңыз болар?" , - деді ол.

Кейін эфир барысында Айтбаевтар отбасының ерекше сыйды табыстау сәті көрсетілді.

"Біз жанұямызбен не сыйласақ екен деп біраз ойландық. Біз Ольга екеуіңіздің қарым-қатынастарыңызға тек тәнті болудамыз. Келер жылы сіздер 25 жылдықтарыңызды тойлайды екенсіздер. Сол себепті, біз бүгінгі жиналған қонақтардың барлығы сіздердің 50, тіпті 75 жылдық мерейтойларыңызға да келсе деген ниеттеміз" , - дейді Қанат Айтбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813935-dimasty-otbasy-igor-krutojdy-tugan-knine-kandaj-syjlyk-zasady-video/

pixel