RU
Қазақстандық бойжеткен украиналық қазыларды тәнті етті (фото)

Қазақстандық бойжеткен украиналық қазыларды тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

30 тамыз күні украиналық телевизияда "Топ-модель по-украински" жобасының үшінші маусымы басталды. Сән додасының қатысушылары қатарында Амина Досымбаева есімді қазақстандық ару да бар болып шықты деп жазады 24tv.ua телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жоба ұйымдастырушыларының сөзінше, 300 бойжеткеннің арасынан тек 15 сылқым іріктеліп алынған.

Басылымның жазуынша, Амина Қытайда программист мамандығы бойынша білім алған.

Отандасымыз украиналық сән мамандарын қатты таңғалдырған. Өзге қатысушы қыздар әділқазылар алқасын қалжың мен бөксе биімен өзіне қаратпақ болғанда, қазақстандық ару өзінің шыншыл жауаптарымен оларды таңдай қақтырған.

Айта кетерлігі, бұл Амина үшін алғашқы сән байқауы емес. Бұған дейін ол 2016 жылы "Мисс Алматы" байқауына қатысқан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel