RU
Атырауға жақын маңда қабандар отбасы видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауға жақын маңда қабандар отбасы видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде Атырау облысындағы өзеннен өтіп бара жатқан бір топ қабанның видеосы тарады деп хабарлайды ATPress.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: кадр видеодан

Фото: кадр видеодан

Қызық оқиға Атырауға жақын Дамба ауылында түсірілген.

Кадрлардан бір топ ашатұяқтылардың судан жүзіп өткенін көруге болады. Мұнда үлкендерімен қатар, жас қабандар да бар. Олар өздеріне назар аударғанды ұнатпайды.

Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының бас аңшысы Александр Ивасенконың айтуынша, аймақтағы жабайы қабандарды барлық жерде кездестіруге болады. Олар негізінен қамысты тоғайларда өмір сүреді.

Ашатұяқтыларды аулауға рұқсат берілген. Жыл сайын 100-ден 190-ға дейін сүтқоректілерді атуға квоталар бөлінеді.

Әдетте, бір отбасы 10-12, тіпті, одан да көп қабаннан тұрады. Оны жасы үлкен ұрғашы қабан басқарады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel