Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матайдың туған інісі шаңырақ көтерді (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Аша Матайдың інісі үйленді. Екінші курста оқуын жалғастырып жатқан Асылжан Асқарбековтың таңдауы Талдықорғанның аруына түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асқарбековтар әулеті өткен сенбіде келінін туған қаласынан ұзатып алып келген.

Аша Матай желіде ұзату тойдағы суреттермен және бейнежазбалармен бөлісті.

Асылжанның жүрегін Ақжан есімді ару жаулаған. Қос ғашық тойда тіпті махаббат әнін орындаған.

Айта кетейік, Аша Матайдың інісі 2017 жылы мектепті тәмамдап, бүгінде отандық ЖОО-ның бірінде екінші курстың студенті.

Ал тележүргізушінің үлкен ағасы әлі отбасын құрмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813948-asa-matajdy-tugan-inisi-sayrak-kterdi-foto-video/

pixel