RU
Бейбіт Шүменов тағы да әлем чемпионы атанды

Бейбіт Шүменов тағы да әлем чемпионы атанды

Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші ауыр салмақтағы рейтингтің жаңарған нұсқасын жариялады. Қазақстандық спортшы Бейбіт Шүменов тағы да көш бастады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Бейбіт Шүменов жаңартылған рейтингте "тұрақты" әлем чемпионы болып қайта жарияланған.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Шүменов WBA-ден "демалыстағы чемпион" атағын алған еді, енді бұрынғы мәртебесін қайта қалпына келтірді.

Бейбіт Шүменов соңғы жекпе-жегін өткен жылы шілдеде өткізіп, тоғызыншы раундта түрік спортшысы Хизни Алтункаяны мерзімінен бұрын жеңді.

Бұл жеңіс Шүменовтың бос тұрған WBA "тұрақты" әлем чемпионы белбеуін қайтаруына мүмкіндік берді. 

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel