RU
Тоқаевтың алғашқы халыққа жолдауы қалай өтті?

Тоқаевтың алғашқы халыққа жолдауы қалай өтті?

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын бастады. Бұл президенттің алғашқы жолдауы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы Қазақстандағы әуе билеттерінің тым қымбат екендігін ашып айтты

"Неліктен әуе тасымалдау билеттері тым қымбат? Тіпті Еуропадағыдан 30 пайызға жоғары? Осыншалықты жоғары бағаны немен түсіндіресіздер?", - деді Тоқаев.

Ол Қазақстанның әуе саласы бәсекеге қабылетті емес екендігін де мәлім етті.

"Сондықтан аталмыш салаларды шұғыл түрде реттеу керек", - деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті шағын және орта бизнес мәселесіне тоқталды

Мемлекет басшысы шағын бизнес пен микро компанияларды үш жыл салықтан босату туралы туралы тапсырма берді.

"Бұл жөнінде заңдық негіздеме әзірлеуді тапсырамын. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге болмайтыны туралы жарғы өз күшіне енетін болады.

Тоқаев: Ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын

Мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізді.

"Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі", - деді ол.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компания басшыларына жауапкершілік жүктеледі

Қазақстан президенті үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілік жүктелетінін мәлімдеді.

Тоқаев осыған байланысты, жақында тиісті Жарлыққа қол қойғанын тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы: Әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс

Тоқаев реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейтінін атап өтті.

Оның сөзінше, әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс.

Қазақстан президенті сол арқылы олардың нақты мақсатқа қол жеткізу деңгейі анықталатынын білдірді.

Тоқаев жергілікті жерлерде шенеуніктер халыққа "жабық" саясат ұстанатынын айтты

Мемлекет басшысы көп жағдайда халық тікелей президентке шағымдануға мәжбүр екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша жергілікті жерлерде шенеуніктер халыққа "жабық" саясат ұстанады.

Тоқаев сол себепті президент әкімшілігінде азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдар қарау деңгейінің сапасын бақылайтын арнайы бөлім ашылғанын тілге тиек етті.

Қазақстан президенті: Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын

Тоқаев қазіргі уақытта бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалына кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын атап өтті.

"Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлауалды бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын", - деді Тоқаев.

Тоқаев мұғалімдердің жалақысы жайлы сөз қозғады

Тоқаев тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырғанын жеткізді.

"Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы азаматтық қоғамға қолдау көрсету қажеттігі туралы мәлімдеді

"Азаматтық қоғамға қолдау көрсету керек, халықты жалпымемлекеттік өзекті тапсырмаларды талқылауға тарту керек. Сол үшін де Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды", - деді Тоқаев.

Ол келелі мәселелер көшеде емес, парламентте шешілуі тиіс екенін қадап айтты.

"Алда болатын мәжіліс және мәслихат сайлауы елді көппартиялы жүйеге әкелуі тиіс", - деді презиедент.

Қазақстан президенті: Ұлттық компаниялардың жұмысшылар санын 25 пайызға қысқарту керек

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің сапасын арттыру үшін олардың қатарына жас даярланған мамандарды тарту қажеттігін білдірді.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер санын біртіндеп қысқартуға көшеді. 

"Одан босаған қаржыны  пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыда ынталандыруға бағыттаймыз. 2024 мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың жұмысшылар санын 25 пайызға, яғни төрттен біріне қысқарту керек", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы жер мәселесі туралы мәлімдеді

"Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді", - деді Тоқаев.

Ол бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керектігін ескертті.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – міндетіміз екенін жеткізді.

Тоқаев: Митинг өткізуге рұқсат берілу керек

Қазақстан президенті митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталды.

Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес, азаматтар өз ойын еркін білдіру құқығына ие болып табылады.

"Егер ондай акциялар заң мен азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, қолдау білдіріп, заңда көрсетілген тәртіп бойынша митинг өткізуге рұқсат берілу керек. Ол үшін арнайы орын бөлу қажет", - деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті шикізатқа байланған менталитеттен бас тарту туралы жеткізді

Мемлекет басшысының сөзінше, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру.

Ол "Білім экономикасы", еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналғанын алға тартты.

Тоқаев қылмыстарға қатысты жазалау шаралары туралы мәлімдеді

Қазақстан президенті жедел түрде сексуалды зорлық, подофилдер мен есірткі таратушылар, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зормбылық көрсету, жеке тұлғаға қатысты қылмыстар, оның ішінде балаға қатысты қылмыс жасаушыларға жазаны күшейту керектігін айтты.

Мемлекет басшысы қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеу туралы айтты

"Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!" - деді Тоқаев.

Тоқаев тіл мәселесі туралы сөз қозғады

"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Назарбаев моделі туралы айтты

"Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр", - деді Тоқаев.

Жолдау басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
0
5
14
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel