RU
ШҚО-дағы балалар зорлық-зомбылығы: Ахметов жағдайды бақылауына алды

ШҚО-дағы балалар зорлық-зомбылығы: Ахметов жағдайды бақылауына алды

Рассказать Вконтакте

Аягөздегі арнайы балалар орталығындағы тәрбиеленушілер айтқан зорлық-зомбылық оқиғасын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бақылауына алды. Қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды AltayNews.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Әкімдік 29-тамызда ведомствоаралық комиссия құрылғанын хабарлады. Ол Аягөз арнайы балалар орталығындағы тәрбиеленушілер арасында жыныстық зорлық-зомбылық фактілері болғандығы туралы ақпарат пайда болғаннан кейінгі жағдайды зерттеп жатыр.

Полицияға орталықтың бұрынғы қызметкерінен үшінші шілдеде шағым түскен.

Қылмыстық іс қозғалды. Бес бала медициналық сараптама жүргізу үшін Семейге жіберілді. Басылымның мәліметінше, мамандар кәмелетке толмағандардан қандай да бір дене зақымдарының болмағандығын анықтаған.

Сонымен қатар 14 жастан асқан балалар сот-психиатриалық сараптамадан өткен. Қорытындысы 6 қыркүйекте дайын болады

Өскеменде 14 жастан кіші балалар осыған ұқсас сараптамадан өткен. Нәтижесі 13-қыркүйекте белгілі болмақ.

Тергеу жұмыстары кезінде аталған орталықтың директоры уақытша қызметінен шеттетілген. Сондай-ақ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жетекшісі қызметінен төмендеген.

Мәселені ШҚО әкімі Даниал Ахметов тікелей бақылауына алған.

Қосымша ақпарат тергеу жұмыстары аяқталған соң берілетін болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel