RU
"Дұға етіңіздер": Багам аралдарында сұрапыл "Дориан" дауылы басталды (фото, видео)

"Дұға етіңіздер": Багам аралдарында сұрапыл "Дориан" дауылы басталды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Багамдағы Абако аралының тұрғындары мен қонақтары Twitter-де "Дориан" дауылы түсірілген қорқынышты кадрлармен бөлісуде. Дауыл қаупі АҚШ-тың бірнеше штатына төнді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Абако үшін дұға етіңіздер, өйткені Дориан келді", - делінген сұрапыл дауыл бейнеленген кадрлардағы жазбада.

Кадрларда қала көшелерінің суға толғаны көрінеді. Судың деңгейі үйдің терезесіне дейін көтерілген.

Алай-дүлей дауыл ағаштарды құлатып жатыр, ал көк аспанды сұрғылт бұлт торлады.

"Дориан" дауылы қауіптіліктің жоғары деңгейіне көтерілді, желдің жылдамдығы сағатына 257 шақырымға жетуі мүмкін.

АҚШ Ұлттық орталығының жазуынша, "Дориан" дауылы бірнеше америкалық штатта болуы ықтимал. Солтүстік және Оңтүстік Джорджия, Оңтүстік Каролина, Флорида және Алабама штаттарында төтенше жағдай жарияланды.

Джорджия штатының губернаторы Брайан Портер Кемп Twitter парақшасында штат тұрғындарын жаппай эвакуациялау басталғанын жазды.

АҚШ президенті Дональд Трампта алай-дүлей дауылға алаңдаушылық білдірді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
4
13
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel