RU

Тоқаев: Мен халыққа берген барлық уәдемді міндетті түрде орындаймын

Telegram logo VKontakte logo

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет парламент палаталарының отырысында халыққа жолдауын жариялауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: Original

Тағы оқыңыздар:

Тоқаевтың халыққа жолдауы басталды>>

Тоқаев: Келелі мәселелер көшеде емес, парламентте шешілуі тиіс>>

Тоқаев бейбіт шеру өткізуге рұқсат беруді тапсырды>>

Палаталардың бірлескен отырысына қатысқан мемлекет басшысы алдымен жаңа парламенттік тоқсанның басталуымен баршаны құттықтады.

"Құрметті отандастар, партия мүшелері, депутаттар. Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын. Біздің ел үшін жаңа кезең келе жатыр.

Таяу арада Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанына 30 жыл толады. Назарбаевтық үлгі – біздің елдің даму жолы.

Мен уәде еткен саяси трансформация біртіндеп, мемлекет пен халықтың мүдделерін ескере отырып, іске асатын болады.

Біз саяси реформаларды біртіндеп жүзеге асыратын боламыз. Қазір біз тәуелсіздіктің жетістіктерін күшейтуге және ел дамуының сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік алдық.

Өздеріңіз білетіндей, осының бәрі менің сайлауалды бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген барлық уәдемді міндетті түрде орындаймын", - деді Тоқаев өз сөзінде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Тоқаев: Мен халыққа берген барлық уәдемді міндетті түрде орындаймын