RU
Желідегілер анасы мен қыздарын айыра алмай бас қатырды

Желідегілер анасы мен қыздарын айыра алмай бас қатырды

Рассказать Вконтакте

Канаданың Жаңа Шотландия қалашығында тұратын 40 жастағы Каеня Букер өзінің бойжеткен қыздарымен түскен бұрынғы және соңғы суреттерін ғаламторда жариялаған. Алайда желідегілер нәзік жандылардың қайсысы қызы, қайсысы анасы екенін білмей дал болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үш ару бейнеленген сурет ғаламторда тарады. Желі қолданушылардың бір бөлігі фотодан анасын таба алмай бас қатырса, енді бірі оның осыншалық жас болып қалуының құпиясын іздей бастаған.

Сонымен қатар, кейбірі Каеняны қыздардың анасымын деп өтірік алдап, жұрттың көңілін аудара алмай жүргенін сөз еткен.

Басқалары арудың тұңғышын 15 жасында босанғанын алға тартты.

Букер осы сөздерден кейін тағы бірнеше суреттерін оқырмандар назарына ұсынды.

Әйел адамның сөзінше, ол жағымсыз пікірлерге іштей налығанымен, адамдардың суретке осынша көңіл бөлгеніне риза болыпты.

Каеня Букер тұрмыстағы келіншек. Оның күйеуімен ортақ үш баласы: 18 жастағы К’Линья, 16 жастағы Колия және төрт жасар ұлы Оби бар.

Сондай-ақ, канадалық ару Instagram парақшасында түрлі шаш үлгілері жайлы жазады. Бүгінде оны желіде 100 мыңнан астам адам бақылап отырады.

Сіздің реакцияңыз
25
0
6
0
0
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel