RU
"Еуропадан 30 пайызға жоғары": Тоқаев елдегі ұшақ билеттерінің тым қымбаттығына шүйлікті

"Еуропадан 30 пайызға жоғары": Тоқаев елдегі ұшақ билеттерінің тым қымбаттығына шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қазақстандағы әуе билеттерінің тым қымбат екендігін ашып айтты. Президент елдегі әуе билеттері тіпті Еуропадан отыз пайызға қымбат екенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Тағы оқыңыздар:

Президент: Шағын бизнес үш жыл салықтан босатылатын болады>>

Тоқаев қазақ тілі ұлтаралық тілге айналу қажеттігін қадап айтты>>

Тоқаев педофилдер мен сексуалды зорлық көрсеткендерге жазаны күшейтуге пәрмен берді>>

"Бізде бағаның жоғары екені баршаға мәлім – оның ішінде азық-түлік пен киім-кешек те, түрлі қызмет түрлері де бар. Сосын тағы бір мәселе – неліктен әуе тасымалдау билеттері тым қымбат? Тіпті Еуропадағыдан 30 пайызға жоғары? Осыншалықты жоғары бағаны немен түсіндіресіздер?", - деді Тоқаев.

Ол Қазақстанның әуе саласы бәсекеге қабылетті емес екендігін де мәлім етті.

"Шетелдік тасымалдаушылар үшін әуе жанар-жағармайының бағасы, отандық тасымалдаушыларға қарағанды біздің әуежайларда тым қымбат. Нәтижесінде Қазақстанның әуе кеңістігі саласы бәсекеге қабылетті бола алмай, елдің транзиттің әлеуеті төмендеуде.
Осыған жауап беретін министрлік бар болса да, елде әуе және теміржол билеттерінің тапшылығы орын алады. Сондықтан аталмыш салаларды шұғыл түрде реттеу керек", - деді Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel