Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға зейнетақы қорын шешіп алуға рұқсат берілуі мүмкін

Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе отырып қазақстандықтардың зейнетке шықпай тұрып зейнетақы қорындағы қаржыны қолдана алу мүмкіндігін іске асыратын бағдарламаны ойластыруды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Тағы оқыңыздар:

Президент: Шағын бизнес үш жыл салықтан босатылатын болады>>

"Еуропадан 30 пайызға жоғары": Тоқаев елдегі ұшақ билеттерінің тым қымбаттығына шүйлікті>>

Тоқаев қазақ тілі ұлтаралық тілге айналу қажеттігін қадап айтты>>

Мемлекет басшысы халықтың табыс көлемі артқанымен, олардың арасындағы алшақтық өсіп келе жатқанын алға тартты.

"Елдің салық жүйесін жаңғырту керек деп ойлаймын. Оны ұлттық кірістің әділ түрде бөлу жолымен шешу керек. Үкімет әлеуметтік салымдардың мөлшері артып келе жатқандығына көңіл бөлу керек. Ал бір жағынан дәл осы салымдар әлеуметтік және зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп келеді.
Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Қазіргі уақытта қызмет етіп жатқан адам зейнетақы қорын тек зейнетке шықаннан кейін қолдана алады. Алайда олардың бұл қаражатты ол кезге дейін қолданғысы келетіні түсінікті.
Үкіметке осы жылдың соңына дейін қызмет етіп жатқан азаматтардың зейнетақы қорларының бір бөлігін мақсатты пайдалану - мәселен, баспана сатып алу, білім алу мәселесін қарастыруды тапсырамын", - деп мәлімдеді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1814004-kazakstandyktarga-zejnetaky-koryn-sesip-aluga-rksat-berilui-mmkin/

pixel