RU
2020 жылы мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға өседі?

2020 жылы мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға өседі?

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомат Тоқаев мұғалімдердің жалақысы келесі жылы 25 пайызға артатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: kokoshkino.org

Көрнекі фото: kokoshkino.org

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев: Пайдаланылмайтын жерді қайтару керек>>

Қазақстандықтарға зейнетақы қорын шешіп алуға рұқсат берілуі мүмкін>>

Қазақстандықтар нашар жұмыс істейтін әкімдерді өздері алып тастай алады>>

"Тамыз конференциясы кезінде мен мұғалімдердің еңбекақысы 4 жылдың ішінде екі есеге көбейетінін айтқан едім. Бұл дегеніміз келер жылы ұстаздардың жалақысы 25 пайызға артады дегенді білдіреді", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге президент тұрмысы төмен отбасылардағы оқушыларға көңіл бөлінетінін де айтты.

"Олар үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакет әзірлеу керек. Мектеп жасына дейінгі балаларға үнемі қолдау көрсету керек, мектеп оқушыларына тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, оларды оқу құралдары мен мектеп формасымен қамтамасыз ету, медициналық, оны ішінде, стоматологиялық көмекті өтеуге, қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беру керек", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл тапсырма 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне ену керектігін ескертті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel