RU
"Оралса деймін": Нүсіпжанов немерелерін көре алмай жүргенін жайып салды (видео)

"Оралса деймін": Нүсіпжанов немерелерін көре алмай жүргенін жайып салды (видео)

Рассказать Вконтакте

82 жасқа келген танымал қазақ әншісі Нұрғали Нүсіпжанов немерелеріне қолы жетпей жүргенін жасырмай айтты. Өнер иесі түрлі мемлекетте тұратын балаларымен сирек кездесетініне өкінішін білдіріп, оларды сағынып жүргенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нүсіпжановтың немерелеріне қатысты сұхбатының үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Онда эстрада жұлдызы немерелеріне деген сағынышын білдіріп, ағынан жарылған.

"Қолым жетпейді. Қазір немерелерімнің барлығы күллі әлемнің түрлі мемлекеттерінде жүр. Оларға "көкелерім-ау, алдымен елде оқуын бітіріп алып, содан кейін қосымша үйреніп кетуге болмай ма" деп айтып тұрамын.

Атаның көңілі балада, баланың көңілі далада деген сөз бар. Оны да білеміз. Қатардан қалғысы келмейді. Оны да біліп отырмыз. Бірге ойнап, бірге бітіріп, бәрі қол ұстасып тұрды.

Балалар өз армандарын қуып кетті. Енді отандарына есейіп оралса деймін. Аман-сау көздері көріп, елдің, жұрттың, туған елдің қадір-қасиетін сағынып жүрсе екен деймін. Сол сағынышпен қайтып оралса екен" , - деді Нұрғали Нүсіпжанов.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың 82 жасында қайта үйленгені жайлы жазған болатынбыз. Әншінің таңдауы журналист Жадыра Сейдешке түскен.

Сіздің реакцияңыз
25
4
2
16
2
12
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel