RU
Жас кезінде елу доллар ұрлаған азамат 36 жылға түрмеге қамалды

Жас кезінде елу доллар ұрлаған азамат 36 жылға түрмеге қамалды

Рассказать Вконтакте

Американың Алабама штатының тұрғыны жас кезінде 50 доллар ұрлағаны үшін түзету мекемесінде 36 жыл отырып шықты деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1979 жылы Элвин Кеннард екі рет ұрлық жасағаны үшін шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырылды. Төрт жылдан кейін ол наубайханадан 50 доллар ұрлап қолға түсті. Алабама штатының заңына сәйкес, үшінші қылмыстан кейін Элвин Кеннардты өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Сондай-ақ заңға сәйкес оған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығы берілмеді.

2019 жылы Джефферсон округінің судьясы Элвин Кеннардтың ісін қайта қарап, оны бостандыққа шығаруға шешім қабылдады. Сот отырысында 58 жастағы америкалық жас кезінде жіберген қателігіне өкініш білдірді.

"Барлығын түзеуге мүмкіндік берулеріңізді сұраймын", – деді ол.

Қазіргі уақытта штат билігі жаза өтеушіні босату үшін құжаттарды дайындауда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
5
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel