RU
Тоқаев Ұлттық қор ақшасын жұмсауды қысқарту керектігін айтты

Тоқаев Ұлттық қор ақшасын жұмсауды қысқарту керектігін айтты

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет екенін айтты. Мемлекет басшысы ол қаржы келешек ұрпаққа қалу тиіс деп ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев жолдауының толық мәтіні жарияланды>>

Тоқаев: Пайдаланылмайтын жерді қайтару керек>>

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алудағы "былықты" тоқтату керектігін айтты>>

"Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет. Бұл – келешек ұрпақтың қаржысы.
Ұлттық қордың трансферттері бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асыру үшін ғана бөлінуі керек", - деді президент.

Кепілдендірілген трансферт көлемі 2022 жылдан бастап бірте-бірте 2 триллион теңгеге дейін азаюы тиіс. 

"Қор қаржысын пайдаланудың анағұрлым тиімді инвестициялық саясатын жүргізген жөн. Үкіметке Ұлттық Банкпен бірлесіп, жыл соңына дейін Ұлттық қордың қаржысына иелік етуді жетілдіру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын" , - деп мәлімдеді Тоқаев.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін алғаш рет қазақстандықтарға жолдауын жолдады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel