Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз міндетімді атқардым": Грузия премьер-министрі отставкаға кетеді

Опубликовано:

Грузия премьер-министрі Мамука Бахтадзе отставкаға кетеді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамука Бахтадзе. Facebook.com/bakhtadzemamuka
Мамука Бахтадзе. Facebook.com/bakhtadzemamuka: Facebook
"Даму шеңбері құрылды, негізі қаланды, сондықтан да мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Осы кезеңдегі өз міндетімді атқардым деп ойлаймын", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Заң бойынша премьер-министр отставкаға кеткеннен кейін ел үкіметі өкілеттігін тоқтатады. Министрлер өз міндеттерін үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенше атқарады.

Грузияның жаңа конституциясына сәйкес, ел парламенті премьер қызметінен кеткеннен кейін екі апта ішінде жаңа үкімет басшысына, министрлер кабинетінің құрамына және олардың үкіметтік бағдарламасына сенім білдіруі тиіс.

Парламент сайлауында ең жоғары нәтиже көрсеткен партия (қазір бұл "Грузинская мечта") жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсына алады. Үкіметтің жаңа құрамын бекіту үшін заң шығару органында көпшілік дауыс жинау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814056-z-mindetimdi-atkardym-gruzia-premer-ministri-otstavkaga-ketedi/

pixel