RU
Тоқаев: Арыстағы жағдай қарулы күштердегі елеулі мәселені көрсетті
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев: Арыстағы жағдай қарулы күштердегі елеулі мәселені көрсетті

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдында жаңа концепциясы бар соғысқа жарамды әскерді құру мәселесі тұрғанын мәлімдеді. Арыстағы жағдайлар қарулы күштердегі елеулі мәселелерді көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арыстағы жарылыс. Фото: әлеуметтік желі

Арыстағы жарылыс. Фото: әлеуметтік желі

Тағы оқыңыздар:

Президент: Адамдардың басым бөлігі жұмыс істегісі келмейді>>

Тоқаев Ұлттық қор ақшасын жұмсауды қысқарту керектігін айтты>>

Президент жолдауының толық мәтіні жарияланды>>

"Барлық әскери шығындарды реттеп, әскердегі қаржылық және жалпы тәртіпті тұрақтандыру қажет. Сонымен қатар, әскери қызметтің беделін өсіріп, қарулы күштердің материалдық қамтамасыз етілуін қадағалау қажет", - деп мәлімдеді Тоқаев.

Сонымен қатар, ол әскердің толықтай жасақталып, мемлекетке қауіп төнетін сәттерде дайын болуы үшін кәсіби дайындықтан өтуі тиіс екенін сөз етті.

Естеріңізге сала кетейік, Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс 24 маусым күні болды. Нәтижесінде бүкіл қала эвакуацияланды.

23 тамыз күні әскери бөлімшенің командирі мен оның орынбасары - артиллериялық оқ-дәрілер сақтайтын базаның басшысы ұсталды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel