RU
Тоқаев: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент тұрғындарының көптігі мақтаныш емес

Тоқаев: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент тұрғындарының көптігі мақтаныш емес

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның үш ірі қаласы әкімдіктерінің құзыреттерін кеңейтуді ұсынды. Оның айтуынша, ондағы халықтың көптігі енді мақтаныш емес, алаңдаушылық туғызады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев Ұлттық қор ақшасын жұмсауды қысқарту керектігін айтты>>

Тоқаев жолдауының толық мәтіні жарияланды>>

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алудағы "былықты" тоқтату керектігін айтты>>

Президент "Елорданың мәртебесі туралы" және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңдарды жетілдірудің уақыты келді деп санайды.

Ол елдің үш ірі қаласы әкімдіктерінің құзыреттерін кеңейту қажеттігін жеткізді.

Президенттің сөзінше, бұл шаһарларға Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент жатады.

"Республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындарының көптігі енді мақтаныш сезімін тудырмайды, бірақ тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ету тұрғысынан алаңдаушылық туғызады", - деді президент.

Ол ірі қалалардың көп шоғырланғанына қарамастан, мысалы, Павлодар мен Петропавлда адамдар мен жұмыс күші жетіспейтіндігін айтты.

"Үкімет көші-қон процестерін басқарудың тиімді шараларын қабылдауы керек", - деді Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel