RU
Еліміздің кей жерлеріне аяз түседі деп күтілуде
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің кей жерлеріне аяз түседі деп күтілуде

Рассказать Вконтакте

Қыркүйектің басында Қазақстанның басым бөлігінде күн райының суытуы күтілуде деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Метеоорталықтың мәліметінше, Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын-шашын мен күннің суалқындауын тудырып жатқан биік циклон алдағы үш тәулік бойы елдің батыс, солтүстік және орталық аймақтарына ықпал етеді.

"Циклонмен байланысты суық атмосфералық фронттар оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстар арқылы жылжиды", – делінген орталық хабарламасында.

Синоптиктердің болжамынша, елімізде найзағай соғып, жаңбыр жауады, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді, ал солтүстік бөлікте климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен температура сақталады.

Қазақстанның батыс, солтүстік және орталығындағы жекелеген аудандарда түнгі мезгілде 1-3 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Сонымен қатар, мамандар екі облыста дауылды ескерту жариялады.

Осылайша, 3 қыркүйек күні түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жердің бетіне 1-3 градус аяз түсуі мүмкін.

Сондай-ақ 3 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай соғып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel