RU
Әріптестерімен қоштасқан Бірғаным Әйтімова көпшілікті бір күлдіріп алды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әріптестерімен қоштасқан Бірғаным Әйтімова көпшілікті бір күлдіріп алды

Рассказать Вконтакте

Депутаттық өкілеттігін тоқтатқан Бірғаным Әйтімова мінберге шығып, әріптестеріне жылы лебізін білдірді. Сенаторлар оны қошеметпен шығарып салды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірғаным Әйтімова. Фото: ҚР Парламент сенатының баспасөз қызметі

Бірғаным Әйтімова. Фото: ҚР Парламент сенатының баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының жарлығымен 12 тамызда Сергей Громов, Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Рашид Түсіпбековтің депутаттық өкілеттігі тоқтатылған еді. Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар бұрынғы әріптестеріне алғыс айтып, қошеметпен шығарып салды.

Мінберге шығып, әріптестеріне жылы лебізін білдірген Бірғаным Әйтімова сөз арасында бір қалжыңдап алды.

"Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы, құрметті әріптестер! Біздің ізімізді басып келе жатқан әріптестер! Сіздер болмасаңыздар, біз әлі қалар едік. Сіздерді құттықтаймыз", – деді бұрынғы сенатор.

Бірғаным Әйтімованың бұл сөзі депутаттарды ду күлдірді. Кейін ол Дариға Назарбаеваны жоғары палатаның төрағасы болып сайлануымен құттықтап, гүл шоғын сыйлады.

"Барлығыңыздың алдарыңызға осындай кез келеді. Бүгін болмаса, ертең. Ертең болмаса, бес-алты жылдан кейін. Бірақ, ең бастысы, бәріңізге осындай сыйластық көрсеткендеріңіз үшін басымды иемін", – деді ол.

Бірғаным Әйтімова осы жылдар ішінде өзіне сенім артқан Елбасыға ризашылығын білдірді.

"Менің өмірдегі ең басты ұстанымым – адал жұмыс істеп, елге, халыққа тек пайда әкелу, ешқандай жамандық жасамау болды. Осы принциппен әлі күнге дейін жұмыс істеп келемін. Сондықтан маған үлкен сенім білдіргені үшін Елбасымызға мың да бір рақмет... Ол кісіге рақметтен басқа айтар сөзім жоқ. Денсаулық тілеймін, әрі қарай еліміздің ақылшысы болып отыруына тілектеспін", – деді экс-депутат.

Сонымен қатар, Бірғаным Әйтімова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Сіздің реакцияңыз
13
0
0
1
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel