RU

Радиация деңгейі жоғары Жапон көліктерді әкелуге тыйым салынады

Жапониядан әкелінетін көліктерден шамадан тыс радиация анықталса, ондай көліктерді елімізге тасымалдауға тыйым салынады.

Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Өмірзақ Бейісбеков журналистермен болған брифингтен соң айтты.

Оның сөзіне қарағанда, елімізге рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынған соң Жапониядан келетін көліктер саны күрт қысқарды. "Ал осы елден тасымалданатын рөлі сол жағында орналасқан аздаған ғана көліктер мен тауарлар Ресей арқылы немесе Қытай арқылы келеді.

Ал аталған екі елде де кедендік бақылау, әсіресе радиацияға қатысты тексеру шаралары өте жоғары деңгейде жүргізіледі. Тексеру, әрине Қазақстан аймағындағы кеден бекеттерінде де жүргізіледі",-дейді комитет төрағасының орынбасары.Оның сөзіне қарағанда, еліміздің кеден саласы радиацияны кедендік тексеру шараларын жүзеге асыратын заманауи құралдармен жабдықталған. Ал радиацияның мөлшері арнайы автоматтандырылған мықты қондырғылар арқылы тексеріледі. "Сондықтан Жапония елінен әкелінетін радиациясы жоғары көліктердің немесе қандай да бір тауар түрлерінің еліміздің шекарасынан өтіп кетуі мүмкін емес. Әзірге радиациясы шамадан тыс көп тауар түрін анықтау жағдайлары болған емес",-деді Ө.Бейісбеков. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/181409-radiacziya-dengeji-zhogary-zhapon-kolikterdiekeluge-tyjym-salynady.html