RU
Қостанай облысында қызметкерін тепкен полиция басшысы видеоға түсіп қалды

Қостанай облысында қызметкерін тепкен полиция басшысы видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Арқалық ауданының ішкі істер бөлімінде қалалық полиция басқарма басшысының әдепсіз қылық танытуы бақылау камерасына түсіп қалды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Facebook әлеуметтік желісінде ер азаматтың полиция қызметкерін тепкен видеосы жарияланды. Видеоның сипаттамасында бұл кісі – полиция басшысы Ахметов деп жазылған.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта Арқалық қаласы полиция басқармасының басшысы Ж.Д. Ахметовке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Ол Қостанай облысы полиция департаменті басшысының бұйрығымен тексеріс аяқталғанға дейін қызметінен уақытша шеттетілді.

Облыстың кадрлар бөлімі басшысының орынбасары бастаған жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Арқалық ауданының ішкі істер бөліміне аттанды", – делінген ведомство хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз
14
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel