RU
Нұр-Сұлтанда барбершоп клиенті қызметкерлерді бір-бірінің шашын алуға мәжбүрледі

Нұр-Сұлтанда барбершоп клиенті қызметкерлерді бір-бірінің шашын алуға мәжбүрледі

Рассказать Вконтакте

Астанада барбершоптың қызметіне көңілі толмаған ер адам салон қызметкерлерін бір-бірінің шашын алуға мәжбүрлеген. Бұл оқиға бейнеленген видео желіге тарап, полиция оны тексеріп шықты деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар zhest_kz және JEXEN NEWS видеоларынан алынды

Кадрлар zhest_kz және JEXEN NEWS видеоларынан алынды

Аталған видео "zhest_kz" Instagram-паблигінде пайда болды. Онда барбершоп қызметкерлерінің ұлының шашын алғанына көңілі толмаған ер адам бейнеленген.

Ол қолына бейсбол таяғын ұстап, қызметкерлерді бір-бірінің шашын алдыруға мәжбүрлеген.

Полиция аталған видео тексеріліп, оқиғаға қатыстылардың аты-жөндері анықталғанын хабарлады. ІІМ оқиғаның Нұр-Сұлтан қаласындағы салондардың бірінде орын алғанын растады.

"Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласында салон қызметкерлері мен клиент арасында дау туғаны бейнеленген видео тарады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысқан адамдар анықталды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ "Jexen News" Telegram-арнасында тағы бір видео пайда болды. Автордың айтуынша, онда барбершоп қызметкерлеріне көңілі толмаған ер адам бейнеленген. Кадрда соққыға жығылған ер адамның жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап жатқаны көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
5
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel