RU
Алматы облысында белсендіге жасалған шабуыл: Әкім қамауға алынды

Алматы облысында белсендіге жасалған шабуыл: Әкім қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Нұрғали Аппазов пен оның жүргізушісі қамауға алынды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұрғали Аппазов. Фото: akimat-talgar.gov.kz / pixabay.com

Нұрғали Аппазов. Фото: akimat-talgar.gov.kz / pixabay.com

Талғар аудандық сотының санкциясымен Галина Арзамасоваға жасалған шабуылға қатысты іс бойынша күдіктілер бір айға қамауға алынды.

Айта кетейік, 26 тамыз күні әйел адамды пневматикалық пистолеттен атып кеткен. Оқиға әкімдік ғимаратының қасында орын алған.

Бірнеше күннен кейін тергеу жұмыстарының аясында полицейлер Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазов пен оның жүргізушісін тұтқындады.

Облыстық әкімдік өкілдері өз әріптесінің әрекетін сынға алды. Шенеунікті ұсталған күні жұмыстан шығарып жіберді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel