RU
Элизабет Тұрсынбаева жаңа маусым алдында жарақат алып қалды

Элизабет Тұрсынбаева жаңа маусым алдында жарақат алып қалды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жаңа спорттық мауысым алыднда жарақаттанып қалды. Жас спортшы қыздың денсаулығы жайлы ақпаратпен оның анасы Падишахан Сұлтанәлиева өзінің Instagram парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсынбаеваның анасы мәнерлеп сырғанаушы екі апта бұрын жарақаттанғанын жеткізді.

"Көңіл-күй жоқ. Элизабет жарақаттанып қалды. Екі апта бойы емделудің оңтайлы әдісін іздеудеміз. Жаратушы Лизаға күш пен қуат берсін. Мен үнемі сенің жаныңдамын, күнім. Шарасыздықтан үнсіз жылап жатырмын" , - мдеді Элизабеттің анасы.

Оған қоса, Сұлтанәлиева бұл спортшы қызының әлі соңғы жарақаты емес екенін айтып өкінішін білдірді.

"Мықты бол, күнім. Мен сені жақсы көремін" , - деп жазды Падишахан.

Бұл жаңалық мәнерлеп сырғанаушының жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Көпшілік бірден жас спортшының тез сауығып, мұз айдынына қайта оралуын тіледі.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel