Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздардың дауысын айнытпай салған жігіт желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Шыныбек Рахмаш есімді жігіт желіде отандық танымал жұлдыздарға пародия жасап, халықты таңдай қақтырды. Жас пародист шоу-бизнес қаймақтарының дауыстарын айнытпай салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Instagram кеңістігінде өзін әнші, актер әрі пародист ретінде танытып жүрген Шыныбек Рахмаштың соңғы видеосы желіні жарды. Онда ол ресейлік Баста атты рэперінің "Сансара" әнін түрлі қазақ әншілерінің даусымен орындап шыққан.

Жас жігіт Мадияр Серікбаев, Еркін Нұржанов, Мақпал Жүнісова, Қуандық Рахым, Нұржан Керменбаев, Нұржан Төлендиев пен Қайрат Нұртастың дауыстарын салған.

Желі қолданушылары оның ерекше өнеріне тәнті болып, өз жоғары бағаксын беріп жатыр. Көпшілік бейнежазбаның астына өз пікірлерін қарша жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814125-otandyk-zldyzdardy-dausyn-audyrtpaj-salgan-zigit-zelini-zardy-video/

pixel