RU

БҚО-да колледж ғимараты қирап қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы Калининское ауылында колледж орналасқан ғимараттың бөлігі қирап қалды. Бұл туралы БҚО ТЖД мәлімдеді деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: 24.kz

Оқиға орнынан фото: 24.kz

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қабатаралық ғимарат қирап қалған. Оның қирау ауданы 80 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар төтенше жағдай құрылыстың тозып кетуі салдарынан орын алған. Анықталғандай, ол 2015 жылы апатты болып саналған. Анықталғандай, сол сәттен бастап, білім ордасындағы оқу үрдісі тоқтатылған.

Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі таңда, жөндеу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттандыруды құру жүріп жатыр.

Белгілі болғандай, ғимарат осыдан 40 жыл бұрын, 1980 жылы тұрғызылған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да колледж ғимараты қирап қалды
Mailfire view pixel