RU
Қытайлық миллиардер Абайдың өлеңін оқып, эстафетаны Головкинге жолдады

Қытайлық миллиардер Абайдың өлеңін оқып, эстафетаны Головкинге жолдады

Рассказать Вконтакте

Қытайлық миллиардер Джек Ма Қазақстанда бастау алып, әлемдік деңгейге жеткен #Абай175 челленджіне қатысып, Абай Құнанбаевтың өлеңін оқыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Джек ма

Джек Ма. Видеодан алынған кадр

Джек Ма қазақтың ұлы ақыны - Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған үлкен челленджге өз үлесін қосты. Ол эстафетаны Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нурышевтен алды.

Alibaba Group интернет-корпорациясының негізін қалаушы танымал азамат ақынның өлеңін қытай тілінде оқып, эстафетаны қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тапсырды.

Видео YouTube-тің қытай тіліндегі нұсқасы -YouKU-да пайда болды.

Айта кетерлігі, бұл ауқымды челленждің бастау алуына кішкентай қазақ қызы себепші болған еді.

Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы ұлы ақын Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.

Мемлекет басшысы бүлдіршіннің ұсынысын қабыл алып, Абай өлеңін жатқа айтты.

Тоқаев эстафетаны қос министрге және Димашқа жолдағанын жазған болатынбыз.

Одан соң еліміздегі көптеген танымал тұлғалар, билік өкілдері, эстрада жұлдыздары, кәсіпкерлер, және жастар бұл челленжді жалғастырып кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel