RU
Алматыда науқастың туыстары емхана қызметкерлеріне шабуыл жасады

Алматыда науқастың туыстары емхана қызметкерлеріне шабуыл жасады

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада науқастың туыстары реанимация және интенсивті терапияның медициналық қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Бұл туралы аурухананың Facebook желісіндегі парақшасында жазылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Белгілі болғандай, науқастың хәлін тұрақтандыру мақсатында оны тағы бір күнге жансақтау бөлімінде қалдырған. Алайда, оның туыстары медицина қызметкерлері әкелерінің өлімін жасырып отыр деп шешкен. Олар жансақтау бөліміне бөгде адамның кіруіне тыйым салынғанын ескермей, әкелерін керсетуді талап еткен.

Туыстардың бірі металл балдақпен кезекші санитар әйелді бірнеше рет көкірегінен ұрған. Кейіннен сол балдақпен бөлімдегі медбикеге шабуыл жасаған.

Қалған туыстар барлық асептикалық талаптарды елемей жансақтау бөліміне басып кірген.

"Ашуға мінген туыстар медицина қызметкерлерінің айтқанына көнбей, бөлім меңгерушісін күтпестен жансақтау бөліміне басып кірген. Олар келушілерге арналған халат пен бахила кимеген, стационардың ішкі тәртібін елемеген", – деп хабарлады аурухана өкілдері.

Ашуға булыққан туыстар оларды тыныштандырмақ болған медиктерді балағаттап, аурухананы бастарына көтерген.

Зардап шеккен медицина қызметкерлері сотқа шағымданды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel