RU
Үлкен төсімен танылған ресейлік жұлдыздар кімдер?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Үлкен төсімен танылған ресейлік жұлдыздар кімдер?

Рассказать Вконтакте

Қазір сахнаға өнерін көрсетуге емес, дене бітімін көрсету үшін шығатындар көп. Осы орайда, Anews басылымы үлкен төсті мансапқа жетер жол деп түсінетін ресейлік шоу-бизнес өкілдерінің фотосын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ВИА Гра" тобының бұрынғы солисі Анна Седакова - Instagram жұлдызы. Алайда әнші танымалдылықты өнерінің арқасында емес, сырт-келбеті үшін ие болды.

Оның "қауын сияқты" төстері желі қолданушыларының "тәбетін ашатын" көрінеді. Дегенмен, әншінің төсі табиғи екеніне күмән келтіретіндер де бар.

Instagram парақшасында модельге айналған Анастасия Квитконы орыстың Ким Кардашьяны деп атайды. Оның парақшасына 10 миллионнан астам адам жазылған.

Модель қыз жартылай жалаңаш фотоларында басты рөлді бөкселері мен үлкен төсіне берген.

Наталья Штурм бір кездері әнші ретінде танылған. Алайда, ол танымалдылықтың шыңына шығу үшін төс пен мінсіз келбет керек деп түсінген сыңайлы.

Бүгінде оның парақшасында 205 мың оқырман бар. Ол басқаларға қарағанда пластикалық хирургияға жүгінгенін жасырмайды.

Анна Семенович - әмбебап адам. Ол әнші, әктриса, спортшы., бір сөзбен айтқанда, қас сұлу. Бірақ, оның оқырмандары әншінің сұлулығы үшін емес, дене бітімі үшін оқиды.

Семеновичтің жазылушылары үнемі оның кеудесінің табиғи екеніне күмәнмен қарап отырады. Анна болса сан алуан пкірілерге қарамастан өзінің үлкен төстерін жақсы көретінін айтады.

Яна Кошкина - актриса, тележүргізуші. Instagram қолданушыларына ашық образдарымен таныс.

Ол үнемі алды кең ойылған қықа көйлектер және шомылу киімімен суретке түскенді ұнатады.

Янаны оқырмандары пікір арқылы сыбап жатса да, ол ашық фотоларын салуды тоқтатпақ емес.

"Дом 2" шоуының қатысушысы Алена Водонаева өзін жазушы, журналист және тележүргізуші деп есептейді.

Модельдің оқырмандары оны жазушылық қабілеті үшін оқымайды. Пікірлерге сүйенсек, фолловерлерін сылқымның ашық фотолары мен видеолары қызықтырады екен.

Сіздің реакцияңыз
10
1
3
1
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel